Ташкент метросында металл детектор құрылғылары орнатылады
Ташкент метрополитенінің барлық бекеттерінде арнайы металл детектор құрылғыларын орнату жұмыстары басталды.
Бұл туралы «Ташкент метрополитені» мемлекеттік унитарлық кәсіпорны хабарлады.
Хабарламаға сәйкес, Ташкент метросын пайдаланушылар саны күн сайын артып келеді. Бұл жағдай метрополитен қызметкерлерінен қосымша жауапкершілік пен міндеттерді талап етеді. Осыған байланысты, бекеттердегі қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету және жолаушыларға сапалы қызмет көрсету мақсатында барлық метро бекеттерінде арнайы металл детекторлары орнатылады.
«Осы орайда, жолаушылардан өздерінің және өзгелердің қауіпсіздігіне бей-жай қарамауын, сондай-ақ қауіпсіз қызмет көрсетуде қолдау көрсетуін сұраймыз», — делінген хабарламада.