Ташкент метросында ер азамат өзін пойыздың астына тастады
Ташкент метросында 22 жастағы ер жігіт өзін пойыздың астына тастады.
Метрополитен баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 14 сәуір метроның Пушкин стансасында болған. Онда 2000 жылы туған А.Б (ер адам) есімді азамат өзін пойыз жолына тастаған.
Бұл жағдайды байқап қалған машинист пойызды дер кезінде тоқтатып өз-өзіне қол жұмсамақ болған азамат аман қалды. Осы жағдайға байланысты метрополитенде пойыздар қатнауы 5 минутқа тоқтатылды.
Хабарда, өзін пойыз жолына тастаған азамат жарақат алмағаны және толық ақпарат сұрастыру жұмыстары аяқталған соң берілетіні айтылған.
Еске салар болсақ, 2022 жыл 24 ақпан күні Ташкент метросының «Мырза Ұлықбек» станциясында ер адам өзін пойыз астына тастап көз жұмған болатын.