Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент метросында ер адам абайсызда пойыз жолына құлап кетті
12:43 / 2022-05-17

Ташкент метросында 58 жастағы ер адам абайсызда қозғалуға ыңғайланған пойыз жолына құлап кетті.

Метрополитен баспасөз қызметі жағдайдың қалай болғанын сипаттайтын бейнеролик жариялады. Оқиға Ташкент метросының «Алмазар» станциясында болған. Онда 1964 жылда турған О.З. есімді ер адам пойызға шығуға асығып бара жатып, байқаусызда қағылған күйі жүруге оқталған пойыз жолына құлап кетті. 

Жағдайды жіті бақылап тұрған метрополитен қызметкерлері мен жолаушылар әрекетінінң арқасында пойыз жолға құлаған азамат ешбір дене жарақатынсыз құтқарылды.

«Құрметті метро жолаушылары, сіздерден вокзал перрондарында белгіленген ережелерді сақтауды, асықпауды, өміріңізге қауіп төндірмеуді сұраймыз», - делінген хабарламада.

Еске салар болсақ, 2022 жылдың 24 ақпан күні Ташкент метросында ер адам өзін пойыз астына тастауы салдарынан көз жұмған болатын.