Ташкент метросында алақанмен төлем жүйесі енгізілді
Ташкент метрополитенінің «Халықтар достығы» станциясында алғаш рет алақанды сканерлеу арқылы төлем жасау жүйесі іске қосылды.
Ташкент метросын пайдаланған кезде жол жүру ақысын төлеу үшін банк карталарын, көлік карталарын немесе QR-код чектерін алудың қажеті жоқ. Өйткені UZINFOCOM-ның жаңа биометриялық жобасы Palm ID, тамырдың кескініне негізделген сәйкестендіру іске қосылды.
Ендігі уақытта жолаушылар алақанын сканердің үстінде қойса, жүйе жолаушыны индентификациялайды және төлем автоматты түрде алынады. Ол үшін сізге бірнеше минут жұмсап, бағдарлама арқылы жеке деректеріңізді енгізу керек.
Қоғамдық көлікті пайдаланушыларға арналған мобильді қосымша да іске қосылды. Мобильді қосымша арқылы виртуалды карта ашылып, ақшамен толтырылады. Осыдан кейін сіз алақаныңызбен және ешқандай интернет, карта немесе QR-кодты тексерусіз төлем жасай аласыз.