Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент метросына тағы 26 пойыз сатып алынады
16:24 / 2024-11-22

Кейінгі 7 жылда Ташкент метрополитеніндегі станциялар саны 29-дан 50-ге жетті.

Көлік министрлігінің мәліметінше, метро желілерінің жалпы ұзындығы 38 шақырымнан 71 шақырымға дейін артты. 

2017-2019 жылдар аралығында 36 пойыз пайдаланылған болса, 2024 жылы олардың саны 65-ке жетті. 

2025 жылдың соңына дейін тағы 26 заманауи пойыз құрамын сатып алу жоспарланған. 

Бұл пойыздар қозғалыс аралығын айтарлықтай қысқартып, жолаушылар үшін жағдайды одан әрі жақсарта түседі.