Ташкент метросы жер үсті желісінің тағы бір бағыты жыл соңында іске қосылады
Ташкент қалласының «Сіргелі» ауданында салынып жатқан жер үсті метро желісіның бағыты 2020 жылдың соңында іске қосылады.
«Өзбекстан 24» телеарнасының эфиріндегі хабарға сай, жаңа «Сіргелі» бағыты бойынша жолаушылар тасымалдайтын желі толықтай іске қосылғаннан кейін, онда шамамен 35 мың жолаушыға қызмет көрсетіледі. Қазіргі кезде 1200-ге жуық мамандар мен жұмысшылар, 100-ден астам құрылыс транспорты осы желіні салуда қолданылуда.
Қазіргі кезде метроның осы бағытында құрылыс монтаж жұмыстарының соңғы кезеңі жүріп жатқан болып, станциялар ұлттық архитектуралық келбетте безендірілуде.
Жоба толықтай іске түссе мұнда 210-нан астам жаңа жұмыс орны ашылады.