Ташкент метросы үшін тағы 3 жаңа пойыз әкелінді
Ташкент метросында жолаушылар тасымалы үшін тағы 3 жаңа пойыз әкелінді.
«Ташкент метрополитені паркі өткен жылдың соңғы күндерінде тағы 3 жаңа қозғалыс құрамымен (12 метро вагоны) толықтырылды. Бұл қозғалыс құрамдары белгіленген нұсқаулыққа сәйкес 9-10 күн бойы техникалық сынақтан өтіп, содан кейін жолаушыларға қызмет көрсету үшін пайдалануға беріледі», делінген компанияның хабарында.
Еске сала кетсек, өткен жылдың мамыр айында да Ташкент метрополитені паркіне төрт вагоннан тұратын 3 заманауи метро поезы сатып алынған еді.