Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент метросы үшін Ресейден тағы 20 вагон әкелінді
10:22 / 2021-10-27

Ташкент метрополитені жұмысын ілгерілету және заманауи көлікпен қамту мақсатында Ресейден тағыда 20 вагон әкелінді. 26 қазанда метросы вагонының презентациясы өтті.

«Өзбекстан темір жолдары» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Ташкент метросына арнайы  жасалған вагондар ерекше әдіспен боялған болып, қабырғасы мен есіктері ақ түске, ал горизантал боймен көлденеңінен тіке Өзбекстанның мемлекеттік туының түсі бейнеленген сызық түскен. Пойыздың төбесі көк түске, ал алдыңғы жағы қара түске боялған. Сондай-ақ алдыңғы жағында бағытты көрсететін электронды табломен «Өзбекстан темір жолдары» АҚ символдық белгісі бар.

Вагондар арасындағы герметикалық «гармошка» түріндегі өтетін бөлігі жолаушыларға пойыздың басынан аяғына дейін жүріп баруына мүмкіндік қарастырылған.

Салондағы температураны ондағы кондиционер, жылыту және желдету жүйесі арқылы қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек шифтте арнайы қорғаныш қораптарының ішінде ультракүлгін шамдар орналасқан болып, оларда ауаны залалсыздандыру жүйесін бар.

Сонымен қатар, әрбір вагон телеарналарды тарату мүмкіндігімен қатар жолаушыларға деректерді берудің заманауи жүйесімен жабдықталған. Онда бейнебақылау жүйесі, камера, шұғыл апаттық байланыс блоктарының үстінде де камера және өртті автоматты түрде анықтау мен сөндіру мүмкіндігіне ие.

Ал, жүргізуші кабинасында жол мен жылжымалы құрамның есіктерін қарайтын бейнебақылау мониторы орнатылған.