Ташкент метрополитенінің мұражайы ашылады
Орталық Азиядағы тұңғыш метрополитен Ташкент метросының қалалық мұражайы алшылады.
Ташкент метрополитеннің маркетинг, жарнама және қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы Зарина Мансурова Ташкент қалалық әкімшілігіне берген сұхбатында, «2021 жылы метрополитеннің мұражайын ашуға ниеттіміз. Оның қайда болары әзірше нақты емес. Бірақ біз «Минор» станциясын жоспарлаудамыз», деген.
Оның айтуынша қазіргі кезде музейді ашу мен ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл идея өткен жылдан бері жан-жақты толықтырылып келуде.
Бұдан бөлек Зарина Мансурова Ташкент метрополитеніне қатысы бар азаматтардан қандай да бір естелік бұйымы немесе заттары болса, алдағы ашылатын мұражай қорына беруін сұраған. Өйткені ол бұйымдар музейде тұрса, келушілер оны көріп қуанатынын жеткізген.