Ташкент метрополитені «Өзбекстан темір жолдары» құрамынан шығарылады
Ташкент метрополитені «Өзбекстан темір жолдары» АҚ құрамынан шығарылады. Бұл туралы Президент жарлығында айтылған.
Қаулы жобасында сонымен қатар, Көлік министрлігінің Ташкент қалалық көлік басқармасы негізінде Ташкент қалалық көлік Бас басқармасы құрылуы қарастырылған.
- қоғамдық көлік маршруттары желісін үш санатқа бөлу арқылы - байланыстырушы, жеткізуші және магистральды бағыттарға кезең-кезеңмен оңтайландыру;
- үш санат бойынша - яғни байланыстырушы, жеткізуші және магистральдық маршруттарға сараланған тарифтерді енгізу;
- оңтайландырылған маршрут бағыттары бойынша нақты жұмыс көлеміне негізделген қалалық қоғамдық көлік кәсіпорындарын қаржыландыру жүйесін енгізу (Pool system). Сонымен бірге, «Pool system» жүйесі арқылы қалалық қоғамдық көлік кәсіпорындарын қаржыландыру көзі жергілікті бюджеттік субсидиялар және Ташкент қалалық көлікті дамыту қоры болып табылады.
Қаулы жобасын талқылау 4 наурызға дейін жалғасады және оған дейін құжатқа толықтырулар мен өзгертулер енгізу мүмкін.
Осы орайда айта кететін жайт, Ташкент метрополитені алғаш рет 1997 жылы» Өзбекстан темір жолдары» құрамына қосылып, 24 жыл бойы оның басшылығында болған.