Ташкент метрополитені «Өзбекстан темір жолдары» құрамынан Көлік министрлігіне өтеді
Ташкент метрополитені «Өзбекстан темір жолдары» АҚ құрамынан Көлік министрлігіне өтеді.
Бұл туралы «Ташкент метрополитенінің тиімділігін арттыру шаралары туралы» Президенттің Жарлығы қабылданды.
Қаулыға сай Ташкент метрополитені «Өзбекстан темір жолдары» АҚ-нан Көлік министрлігіне беріліп, «Ташкент метрополитені» мемлекеттік унитарлық кәсіпорнына айналды.
Осыған байланысты «Ташкент метрополитені» МУК басшысын Министрлер Кабинетімен келісе отырып Көлік министрі тағайындайтын болады.