Ташкент метросының «Чыланзар» станциясында алғаш рет жолаушылар үшін ана мен бала бөлмесі және әжетхана ашылды.
Бұл бөлмелер заманауи талаптарға сай салынған және бірқатар жайлы тұрмыстық техникамен жабдықталған. Сондай-ақ ауа алмасу жүйесі, кәріз құбырлары қала құрылысы нормаларына сәйкес орнатылған. Сонымен қатар, жас балалы аналарға қажетті құрал-жабдықтар орнатылған.
Мұндағы жағдайдың тағы бір ыңғайлы тұсы - пайдаланушылар үшін гигиеналық құралдардың болуы. Бұл бөлме «Ташкент метрополитені» мемлекеттік унитарлық кәсіпорны мен «Жер асты сервисі» ЖШС мен бірлесіп салынған және оны Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар тегін пайдалана алады. Сондай-ақ Чернобыль апатының қатысушылары, құқық қорғау қызметкерлері мен Жастар одағының жетекшілері, 7 жасқа дейінгі балалар үшін тегін кіру мүмкіндігі бар.

Қазіргі уақытта сынақ түрінде ашылған бұл ана мен бала бөлмесі және әжетхана, күткендей нәтиже берсе, метроның жолаушылар ағыны көп қатынайтын 14 стансасында салу жоспарланған.