Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент метрополитені үшін Ресейден 10 пойыз сатып алынады
14:51 / 2021-04-08

Өзбекстан Ташкент метрополитенінің жер үсті желісі үшін Ресейден 10 пойыз сатып алатын болды.

Ташкентте өткен «Иннопром-2021» халықаралық көрмесі аясында «Ташкент метрополитені» УК Ресейдің «Метровагонмаш» компаниясымен 10 метро пойызын (40 вагон) сатып алу туралы келісімге қол қойды.

Өзбекстан теміржолы баспасөз қызметінің хабарлауынша, келісім бойынша Ресейден 10 метро пойызын сатып алу республикаға 52,85 млн еуроға түседі. Сатып алу «Даму және сыртқы экономикалық істер банкі» мемлекеттік корпорациясының (30,40 млн еуро) және Ресейдің Экспорт-импорт банкінің (22,40 млн еуро) несиелері есебінен жүзеге асырылады.

Осы жоба бойынша алынған несиелерді өтеу, олар бойынша пайыздар, комиссия және басқа шығындарды төлеу Өзбекстанның мемлекеттік бюджеті есебінен жүзеге асырылады», - делінген хабарламада.

Құжаттағы дерекке сай, Ташкент меросына арналған алғашқы 5 пойыз (4 вагон) осы жылдың жаз айында елге жеткізіледі. Қалған 5 пойызды 2021 жылдың соңына дейін әкелу жоспарланған.