Ташкент метрополитені 44 жаста
Осыдан 44 жыл бұрын яғни 1977 жылы 7 қарашада Ташкент метрополитені қызметін іске қосты.
1971-1972 жылдары құрылысы басталған Ташкент метросының алғашқы «Шыланзар» желісі 1977 жылы іске қосылды. Сол кезеңде оның ұзындығы 12,2 шақырымды құрайтын 9 бекеттен тұратын.
1980 жылы осы желінің екінші кезеңі пайдалануға берілген болса, 1984 жылы тағы бір жаңа «Өзбекстан» атты метро желісі ашылды. Оның екінші бөлігі 1992 жылдан бері толық іске қосылған.
2001 жылдың қазан айында «Юнусабад» желісінде 7,5 шақырымды алты станция пайдалануға беріліп, 2020 жылы бұл бағытқа тағы екі станция қосылды.
Қазіргі уақытта Ташкент метросында 5 бағыт бар: «Чиланзар», «Өзбекстан», «Юнусабад», «Тәуелсіздіктің отыз жылдығы» (жер үсті) және «Сіргелі». Олардың жалпы ұзындығы 59,05 шақырымды құраса, станциялар саны 43 жеткен.