Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент мэрі Өмірзақ Шөкеевпен кездесті
15:14 / 2021-01-18

Өзбекстан астанасында Ташкент қаласының мэрі Джахангир Артиқхуджаев пен Қазақстанның Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев кездесу өтті.

Ташкент қаласы әкімдігінің хабарлауынша, кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселесі қаралып, ең алдымен Түркістан облысы мен Ташкент қаласы арасындағы теміржол желісінің іске қосылуы талқыланған. Соның негізінде туристерге Түркістан - Ташкент - Самарқанд - Бұхара - Хива бағыты бойынша мазмұнды саяхаттар ұсыну мүмкіндігі пайда болады. 

Кездесуде Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев Ташкент жылдан жылға көркейіп, дамып келе жатқанын, жаңа ғимараттар, саябақтар мен аллеялар салынуы және өндіріс қуатының өсуі қаланың үлкен жетістігі екені жайлы айтқан.Соған қоса Түркістан облысында газ плиталарын шығаратын зауыт ашуды ұсынып, онда «Artel» компаниясымен ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін және зауыттың құрылысы мен пайдалануға берілуіне барлық жағдай жасалғанын мәлімдеді, делінген хабарда. 

Кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттары талқыланып, аймақ басшылары байланыстарды кеңейту үшін бұдан әрі өзара сапарлар туралы уағдаласты.