Ташкент мемлекеттік аграрлық университеті әлемнің ТОП-1000 оқу орындарының қатарына енді
Өзбекстанның Ташкент мемлекеттік аграрлық университеті «Times Higher Education Impact Ranking» ТОП-1000 оқу орындарының халықаралық рейтингіне енді.
2020 жылдың соңына қарай Ташкент мемлекеттік аграрлық университеті «THE Impact Rankings 2021» халықаралық рейтингінің негізі болып табылатын БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарының барлық 17 бағытына қатысты.
Осыған орай 2021 жылдың 21 сәуірінде жарияланған халықаралық рейтингтің нәтижелері бойынша Ташкент мемлекеттік аграрлық университеті өзінің 90 жылдық тарихында алғаш рет халықаралық рейтингке кіріп, «THE Impact Rankings 2021» халықаралық рейтингінің ТОП-1000 қатарына енді.
«THE Impact Rankings 2021» халықаралық рейтингіне әлемнің 20 мыңға жуық университеті қатысқан.