Коронавирустық пандемия дәуірінде Ташкент қаласы әлемдегі ең арзан қалалардың бестігінен орын алды.
The Economist басылымының жариялаған жариялаған әлемдегі ең арзан және ең қымбат қалалар рейтингіндеТашкент ең арзан қалалар тізіміне енген.
Worldwide Cost of Living – (Дүниежүзілік өмір сүру құны) бұл әр екі жыл сайын The Economist Intelligence Unit тарапынан жүргізілетін сауалнама болып, оған әлемдегі 130-дан астам қалалардағы 138 өнім мен қызметке байланысты 400-ден астам жеке бағаны салыстыратын және тұтынушылардың сұраныстары негізінде қалалардың рейтингі жасалады.
Осы сауалнамаға орай жасалған әлемдегі ең қымбат 5 қала тізіміне:
Цюрих (Швейцария)
Париж (Франция)
Гонконг (Қытай)
Сингапур (Сингапур)
Тель-Авив (Израиль) қалалары енген.
Ал, әлемдегі өмір сүру ең арзан қалалардың бестігінен мына қалалар орын алған:
Дамаск (Сирия)
Ташкент (Өзбекстан)
Лусака (Замбия)
Каракас (Венесуэла)
Алматы (Қазақстан)
«Коронавирус пандемиясынан туындаған азық-түлік жеткізіліміндегі проблемалар, үкіметтің әрекеті, кірістердің төмендеуі және өмір салтының өзгеруі биылғы бағаның төмендеуіне басты себеп болды», - делінген хабарламада.