Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент кинофестивальіне шетелден 400-ге жуық киногерлер қатыспақ
17:08 / 2021-09-23

2021 жылдың 28 қыркүйегі мен 3 қазан аралығында Ташкентте «Жібек жолы жауһары» атты XIII Ташкент халықаралық кинофестивалі өтеді.

1968 жылдан бастап 1997 жылға дейінгі аралықта ұйымдастырылған Ташкент халықаралық кинофестивальі билыдан бастап жыл сайын өтетін болады. 

Бүгін дәл осы кинофестиваль өтуіне орай журналистерге брифинг өтіп, онда Ташкент халықаралық кинофестиваліне 37 елден 400-ге жуық кино майталмандары мен 55 әйгілі кино жұлдыздары қатысатыны айтылды. 

Фетивальдің ашылу салтанатына Әзербайжан, Беларусь, Египет, Израиль, АҚШ, Үндістан, Италия, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Польша, Ресей, Тәжікстан мен Түркияның танымал кинорежиссерлері де қатысады.

24 жылда қайта жанданған кинофестиваль аясында бірқатар іс -шаралар өткізу жоспарланған болып, соның бірі - жас кинорежиссерлерге арналған «5 күнде кино» атты байқауы қарастырылған. Онда 22 елдің жас режиссерлері «Ұлы Жібек жолы» тақырыбында қысқа метражды фильмдер түсіріп, оны «Жаңа буын киносы» фестивалінде көрсетеді.

Кинофестивальіді өткізуден мақсат - кино өнері арқылы әлем елдері арасындағы мәдениетаралық диалогты одан әрі нығайту және дамыту, әлемдік киноиндустрия өкілдерімен бірлесіп бірлескен киножобалар жасау.

Баспасөз конференциясына Премьер-Министрдің орынбасары Азиз Абдухакимов пен Кинематография агенттігінің бас директоры Фирдавс Абдухоликов қатысып,  кинорежиссерлер мен журналистерге фестиваль туралы ақпарат айтты. Баспасөз мәслихатында шараға оналайн қатысып отырған шетелдік қонақтар да сөз сөйледі.