Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент хайуанаттар бағы өз жұмысын қайта бастады
14:45 / 2020-05-16

Хайуанаттар бағының аумағында аттракциондар, ойын-сауық орындары мен фаст-фудты тамақтану орындарының қызметіне тыйым салынады


Ташкенттегі қалалық зоопарк санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, 16 мамырдан өз жұмысын қайта бастағанын хабарлады.

Онда келушілерге хайуанаттар бағына кіруде келесідей шектеулер қойылған:
  •  хайуанаттар бағына кіру үшін 2 адамнан аспайтын топ мүшелеріне рұқсат етіледі (отбасылық топтан басқа);
  • бау аумағына медициналық маскасыз кіруге тыйым салынады;
  •  алғашқы медициналық тексерусіз кіруге тыйым салынады;
  •  келушілерді бір жерге жиналуына тыйым салынады және 2 метрлі аралық қашықтықты сақтау қажет;
  • жақын тактильді байланыстарды жасау мүмкіндігінше шеткеу ұсынылады (қол соғу және т.б.);
  • егер алғашқы медициналық тексеру кезінде келушінің дене температурасы 36,8 градустан жоғары болса (азамат келіспеген жағдайда, өлшеу қайта жасалады), келушіге хайуанаттар бағына кіруге тыйым салынады, жеке мәліметтер жазылады және медициналық мекемелерге хабарласу ұсынылады.
Сонымен қатар, хайуанаттар бағының аумағында аттракциондар, ойын-сауық орындары мен фаст-фудты тамақтану орындарының қызметіне тыйым салынады.