Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент көшелерінде жаңа жол белгісі пайда болуы мүмкін
12:03 / 2020-10-24

Ташкентте жол-көлік оқиғаларының болу ықтималдығы жоғары болған көшелер бөлігінде жаңа жол белгісі пайда болуы мүмкін


Ташкентте жол-көлік оқиғаларының болу ықтималдығы жоғары болған көшелер бөлігінде жаңа жол белгісі пайда болуы мүмкін.

Ташкент қаласы ІІББ Жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасы шетелдік тәжірибеге негізделген жаңа жол белгісін енгізудің орындылығын зерттеуде. Соның негізінде мына жол белгісін жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол-көлік оқиғаларының ықтималдығы жоғары болған учаскеге жақындағанын ескертуін мақсат еткен.

Жолдың белгілі бір учаскесінің қауіптілігі статистикалық мәліметтер мен қолданыстағы жағдайларды ескере отырып бағаланады (жол жамылғысы, жол бойындағы ағаштар, ғимараттар мен құрылыстар және т.б.). Атап айтқанда, жол апаттарының ықтималдығы жоғары учаскелеріндегі соңғы тоқсандықта үштен астам жол-көлік оқиғалары болған жерлерге енгізілген.

Жаңа ескерту белігсі шеті қызылмен боялған және орталықта қара нүксі бар ақ үшбұрышты түрінде болады деп күтілуде. Оның астына, сондай-ақ, екі көліктің соқтығысуының немесе автомобиль мен жаяу жүргіншінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасының кескінді сипаттамасымен төртбұрышты белгі қойылады.

Атаулы ескерту жол белгісі, қауіпті аймақтан 100-150 метр алдын қашықта орнастырылатын болып, бұл өз кезегінде жол қозғалысына қатысушыларға шара қолдануға жетерлі уақытпен қамтиды. Жүргізушіге жылдамдығын азайту мен қимылы мұқият орындау қажет болса, жаяу жүргіншіге жолдан мұқият түрде өту керектігін ескертеді.