Ташкент инвестициялық форумында 26,6 млрд долларлық келісімге қол қойылды
Өзбекстанда өткен III халықаралық инвестициялық форум өз жұмысын аяқтады. 93 елден 2500-ден астам делегаттың басын қосқан форум жаһандық диалог пен инвестициялық саладағы озық тәжірибе алмасу алаңына айналды.
Инвестициялар, индустрия және сауда министрлігінің хабарлауынша, шараның маңызды оқиғаларының бірі Өзбекстан мен Қырғызстан Премьер-Министрлерінің қатысуымен шетелдік инвесторларға аймақтық энергетикалық жобалардың (Қамбарата ГЭС-1 және Яван ГЭС-інің құрылысы) таныстырылымы болды.
Форумның қорытындысы бойынша 26,6 миллиард долларды құрайтын келісімдерге қол қойылды. Айта кетейік: 2023 жылы Tашкент Халықаралық инвестициялық форумында 11 миллиард долларлық 167 құжатқа қол қойылған еді.