Ташкент декларациясы БҰҰ Бас Ассамблеясының ресми құжаты болып танылды
3-4 наурызда Өзбекстанда БҰҰ-ның терроризмге қарсы жаһандық стратегиясын іске асыру бойынша Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастық жөніндегі халықаралық конференцияға қатысушылар қабылдаған Ташкент декларациясы БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясының ресми құжаты болып танылды.
Құжат БҰҰ-ның 6 ресми тіліне - ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдеріне аударылып, барлық мүше мемлекеттер мен БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелеріне таратылып, ұйым журналында және ресми құжаттар жүйесінде А / 76/751 нөмірімен орналастырылды.
Естеріңізге сала кетейік, Ташкенттегі конференция Президент Шавкат Мирзияевтің БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясындағы бастамасы аясында ұйымдастырылған болатын.
Бұл құжат БҰҰ-ға мүше мемлекеттер тарапынан қабылданған БҰҰ-ның Глобалды лаңкестікке қарсы стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі Бірлескен іс-қимыл жоспарының ерекше белгісі ретінде, терроризмге қарсы күресте, соның ішінде осы дертті жою бойынша іс-қимылдар мен үйлестірудің бірінші кешенді жоспары ретінде бекітілді.