Ташкент қаласында жаңадан қызметін бастаған сауда және ойын-сауық орталығы Tashkent City Mall көп функционалды және заманауи сауда мен қызметтерді қамтитын орталық. 5 қабатты ғимаратта дүкендер, мейрамханалар мен дәмханалар, ойын-сауық ойындары мен спорт алаңдары орналасқан. 2 қабатты жерасты автотұрағы бар.
Сондай-ақ кешенде балалар мен ересектерге арналған жабық ойын алаңдары, 14 кинотеатр бар. Мұнда келушілер сауда жасап, демалуға, спортпен айналысуға және көңілді уақыт өткізуіне болады.
Сауда және ойын-сауық орталығында 3 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылуы жоспарланған.
[gallery-16306]
Кешеннің бір бөлігінде бес жұлдызды қонақүй де бой көтерді. Бір мезетте 500 адамға қызмет көрсете алатын бұл қонақүйде жоғары мәртебелі қонақтар үшін жағдай жасалып, 273 стандартты нөмір қарастырылмақ.
Сондай-ақ үлкенді-кішілі конференц-залдар, ашық және жабық бассейндер, мейрамхана мен асхана бар. Ғимаратта заманауи «Smart House» жүйесі мен жоғары жылдамдықты лифтілер орнатылған.
Қонақ үй мамыр айында ашылады деп жоспарлануда.
суреттерді түсірген О.МИРСОАТОВ, ӨзА