Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Tashkent city» аумағында жаңа ғимараттар салынуда
17:34 / 2023-10-14

Өзбекстандағы өзгерістер әсіресе бас қалада айқын байқалады. Бүгінгі таңда Ташкент үлкен құрылыс, заманауи бизнес, ғылым мен мәдениеттің орталығына айналды. «Tashkent city» аумағындағы зәулім ғимараттар қала көркін одан сайын көртейтуде. Мұндағы Халықаралық конгресс орталығында көптеген форумдар мен конференциялар өтіп, алдағы уақытта да бірқатар беделді саммиттер өткізу жоспарланған.

Сонымен қатар жайлылығы керемет қонақүйлер, концерт, опера театры салынуда.

Мемлекет басшысы осындағы құрылыс барысымен танысты. Бұл кешен республикадағы өнердің дамуын жаңа деңгейге көтеруге, мәдени шараларды жоғары деңгейде өткізуге қызмет ететіні айтылды.

Президент сондай-ақ Ташкент орталығындағы құрылысы аяқталу сатысында тұрған басқа да бірқатар құрылыстарды аралап көрді.