English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Tashkent City қалашығында құрылатын биік ғимарат «Nest One», деп аталады
15:28 / 2019-08-29

Ғимараттың алғашқы биіктігі 215 метр деп бекітілген болса, қазір жаңа жоспар бойынша 266,5 метрде деп белгіленген.


«Murad Buildings» компаниясы мен Туркияның «Ozguven» компаниясы бірлесе салып жатқан Өзбекстандағы ең биік Tashkent City қалашығындағы ғимарат «Nest One» деп аталады.


Хабарыңыз бар, Tashkent City қалашығындағы 1,5 гектарлық аймаққа, биіктігі 215 метрлік, 50 қабатты зәулім ғимараттың құрылысы басталғаны жайында хабарлаған едік. Соған байланысты «Murad Buildings» компаниясы басшысы Мурад Назаров, ғимараттың биіктігі өзгергені жайында айтып оның ендігі биіктігі 266,5 метрді құрайтынын хабарлады.

Хабарда айтылуынша, Германия мен Түркиядағы зерттеулер нәтижесінде ғимараттың биіктігінен тағыда биік болуына рұқсат алынған. Әлемдегі барлық дерлік компаниялар салынатын құрылыс нысандарын Германиядағы жүйеде сынақтан өткізеді. Онда ғимараттың құрылымы мен жердің сейсмикалық жағдайы және желдің бағытын, беріктігі мен т.б жағдайлары ескеріледі, деп жазылған. 

«Nest One» деп аталатын бұл ғимарат 51 қабаттан болып, оның құрылыс жұмыстары 2021 жылдың желтоқсан айында аяқталуы жоспарланған.