Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент автовокзалы үздіксіз жұмыс режиміне көшті
08:14 / 2020-03-16

Жексенбіден бастап аймақтарға қатынайтын рейстер саны екі есеге өсіп 35-тен 70-ке дейін көбейтілді


15 наурыз күні Өзбекстанда коронавирустың анықталуына байланысты карантин шаралар енгізілгеннен кейін «Ташкент» автовокзалы тәулік бойы 24 сағаттық жұмыс режиміне көшті. Жексенбіден бастап аймақтарға қатынайтын рейстер саны екі есеге өсіп 35-тен 70-ке дейін көбейтілді.

Транспорт министрлігінің ақпаратында 16 наурыздан басатап республикадағы барлық ЖОО мен колледж-лицейлер мерзімінен бұрын сабақты тоқтатып демалысқа шығуына орай студенттер мен жолаушылардың өз мекеніне жетуін уақытылы қамту мақсатында қалааралық бағыттарға қосымша автобустар жолға қойылғанын жазған.

Осыған дейін «Ташкент» автовокзалында қалааралық 17 бағыт бойынша 35 автобус қатынауда 1800 жолаушы тасымалданған болса, кешегі орын алған карантиндік жағдайға байланысты автобустар саны 70-ке жетіп қазірде 4000-ға жуық жолаушыларға қызмет көрсетілуде.

Еске сала кетсек, Өзбекстан Үкіметі 16 наурыздан бастап барлық әуе рейстері мен автокөлік қатынауларын тоқтатып темір жол байланысын үш күн ішінде тоқтату жайлы шешім шығарған еді.