Ташкент қаласының аумағы кеңейтіледі
Қаланы өркендету үшін облысына қарасты аумақтардан ең әуелі құрылысқа көзделген жер учаскелерін жоспар бойынша 8,4 мың гектар жер бөлу қарастырылған
Мемлекет басшысының жарлығына сай 2041 жылға дейін Ташкент қаласын дамытудың бас жоспарының жобасын әзірлеу бойынша шаралар қабылданатын болады.
Осыған орай Ташкент қаласының бас жоспары тұжырымдамасының негізгі ережелері Өзбекстан Республикасы Орталық Азияның ірі әкімшілік, экономикалық, мәдени және ғылыми-өндірістік орталығы ретінде әрі қарай дамуын қарастыратын болып, қала келбетін түбегейлі жаңарту, оны заманауи қала құрылысының талаптарына сәйкестендіретін 41,5 мың гектарлы алқапты құрайды.
Тұжырымдамаға сәйкес, қалаға Ханабад кенті, Озгариш кенті, Юнусабадтың солтүстік бөлігі (Зангіата ауданы), Салар кенті, Алмас елді мекенінің (Қыбрай ауданы) бөлігі, Сергелиге іргелес (Зангіата, Жаңажол, Жоғары Шыршық аудандары), Бектемір ауданының оңтүстік (Төменгі Шыршық) бөлігін қосу жоспарлануда.
Қаланы өркендету үшін Ташкент облысына қарасты аумақтардан ең әуелі құрылысқа көзделген жер учаскелерін жоспар бойынша 8,4 мың гектар жер бөлу қарастырылған.