Ташкент қаласында жүзеге асыру көзделген жаңа инвестициялық жобалар талқыланды
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 20 мамыр күні, Ташкент қаласында орындалар инвестициялық жобалардың жоспарымен танысты.
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 20 мамыр күні, Ташкент қаласында орындалар инвестициялық жобалардың жоспарымен танысты.
2018 жыл 21 желтоқсанда Халық депутаттары Ташкент қалалық Кеңесінің кезектен тыс сессиясында елорданы ірі бизнес орталыққа айналдыру, инвестиция тарту мен қазіргі заманғы кәсіпорындар құру жөніндегі міндеттерді қойған болатын. Сол тапсырмаларға байланысты биыл 4 қаңтарда Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Ташкент қаласындағы инфрақұрылымды дамытуға тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысы қабылданды.
Бүгінгі күні Ташкентте шағын өнеркәсіптік аймақтар мен технопарктердің инфрақұрылымын тиімді қолдана отырып, жоғары технологиялық қуаттарды құру, сондай-ақ қосымша керекті өнімдер өндіруді кеңейту бойынша дәйекті жұмыс жүргізілуде.
13 мамырдағы Мемлекет басшысының құзырында болған жиында шетелдік инвестицияны тікелей тарта отырып Ташкент қаласында заманауй кәсіпорындар құрылып, осынау бастамалардың баршасын президент өзі тұрақты назарына алған.
Алдынғы тапсырмаларға байланысты, Ташкент қаласында жүзеге асыру үшін жалпы құны 617 миллион АҚШ долларынан астам 19 жаңа инвестициялық жоба жасалған. Маңыздысы сол, мұндай жобалардың барлығы өнеркәсіп саласына тиісті болып, олардың орындалуы нәтижесінде 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, жыл сайын 1 миллиард долларлық нарыққа қажет заттар өндірілетін болады.
Бұл жобалар қосымша құндылығы және локализация дәрежесі жоғары болған өнімдерді өндіруге бағытталған. Олар тұрмыстық техниканың, лифтілер мен эскалаторлар, насостар мен су жылытқыштар, қағаз, құрылыс материалдары, тамақ өнімдері, тұрмыстық химия, зергерлік бұйымдары және шыны ыдыстары солар қатарынан.
Инвесторлар мен кәсіпкерлер өз жобалары бойынша презентациялар өткізді. Бұл кәсіпорындар Ташкент механика зауытының қазіргі уақытта пайдаланылмай тұрған ғимараты мен алаңында құтылатын болады. Олар 2019-2020 жылдары пайдалануға беріледі.
Мемлекет басшысы бұл жобалар қазіргі инфрақұрылымынан тиімді пайдалану арқылы нарыққа қажет тауарлар өндіру, халықты жұмыспен қамту бойынша маңызды екенін айтып, оларды жылдам жолға қоюды тапсырды. Қндірушә мекеме басшыларына өнеркәсіп тауарлынын өндіру бойынша жалпы құны 1 млрд долларлық қосымша жобаларды жасау міндеті жүктелді.





Өзбекстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметі хабары.