Ташкент қаласындағы метро құрылысында апатты жағдай орын алды
Толассыз жауған жауынның салдарынан орын алған апатты жағдайға байланысты алғашқы мәліметтер жарияланды
Бүгін 18 желтоқсан күні шамамен сағат 10:00 кезінде Ташкент қаласы метросының «Юнусабад» бағытының жаңа құрылысы жүріп жатқан бөлігінде төтенше жағдай орын алып жер опырылып түскен.
Толассыз жауған жауынның салдарынан орын алған апатты жағдайға байланысты алғашқы мәліметтерде, метро бағытының жаңа туннелдік қазба жұмыстары жүріп, жауыннан жиналған су туннел ішіне кірмеу үшін қорған ретінде бетон лоток жасалған. Жасалған бетон лотоктың бір бұрышынан байқаусызда су өтіп, нәтижеде су топырақтың еруіне себеп боп 250 м3 жердің опырылуына алып келген.
Қазірде орын алған оқиғаның мән-жайы анықталуда. Төтенше жаңдайлар департаментінің хабарлауынша апаттан ешкім жәбірленбеген.