Ташкент қаласында барлық жедел қызметтер үшін арналған жалғыз нөмір пайда болады
Бұл «Қауіпсіз қала» жобасы аясында жүзеге асрылады
Қазіргі таңда Ташкентте «Қауыпсіз қала» жобасын кезеңімен жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.
Бұл жобаның алғашқы кезеңі 2019-2020 жылдар барысында жолға қойылып, онда Ташкент қаласына тікелей инвестициялар тарту арқылы «Қауіпсіз қала» жобасы үшін бірыңғай технологиялық платформаны құру жұмыстары жүзеге асырылады. Осы негізде Ташкенттегі барлық қысқа нөмірлер - 101, 102, 103, 104, 1050, 1055 бірыңғай орталыққа біріктіріліп, ол «112» қысқа нөмірі арқылы қызмет көрсету бойынша жұмыстар ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, әлеуметтік, туристік және мәдени нысандарда, аялдамалар мен базарларда қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 50 мыңнан астам бақылау камералары орнатылып, интеллектуалды іздеу жүйесі құрылады. 500-ден астам кқше қиылыстарында жол қозғалысын басқарудың заманауи жүйесі жасалып, «ақылды тұрақ» қызметі енгізілетін болады.