Ташкент қаласына жаңа қоғамдық автовустар әкелінді
Қытайдың «Yutong Hong Kong Limited» компаниясы шығарған автобустар 52 жолаушыға арналған
Ташкент қаласына Қытайдың «Yutong hongkong limited» компаниясында шыққан жаңа қоғамдық автобустар әкелінді.
Ташкент қалалық транспорт басқармасының мәліметінше қазіргі күнде Ташкентте онға жуық жеке компания жолаушылар тасымалымен айналысады. Бүгінге дейін қызмет көрсеткен қоғамдық автобустардың басым бөлігі жарамдылық мерзімі таяғанын ескере отырып, жеке кәсіпорындарға маршурт құрамын жаңарту міндетін қойылды.
Осы жағдайға байланысты «Автосантранс-сервис» автопарк құрамына жаңа автобустарды сатып алды. Қытайдың «Yutong Hong Kong Limited» компаниясы шығарған автобустар 52 жолаушыға арналған. Бұл түрдегі автобустар газбен жүруге ыңғайланған және 150 мың шақырымға дейін бірқалыпты қозғалысына кепілдігі бар. Олар ескі «Isuzu» автобустары бағытында қатынауы жоспарланған.