Ташкент қалалық жедел жәрдем бөліміне 150 дана жаңа «Ford» реанимобильдері табысталды
Бұл түрдегі көліктерді жедел көмекке зәру кез-келген азамат өз смартфонымен қажетті жүйе арқылы шақыру мүмкіндігіне ие
Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің хабарына сай, қалалық жедел жәрдем қызметінің арнайы санитарлық автокөлік паркіде жаңартылған.
Қазіргі таңда Ташкент қаласында 179 жедел жәрдем бригадалары қызмет көрсететін болып, онда 900 білікті дәрігер мен 1244 фельдшер және медбикелер жұмыс атқаруда. Осы кезге дейін Ташкент тұрғындарының жедел шақыртуларына «Nissan», «Hunday», «Toyota» маркалы автокөліктер қызметіне жүгініп келінген болса, алдағы уақытта олар қатарына «Ford» реанимобильдері қосылып қызмет сапасы тағыда артуына сеп болды.
«Ford» реанимобильдері соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған болып, бұл түрдегі көліктерді жедел көмекке зәру кез-келген азамат өз смартфонымен қажетті жүйе арқылы шақыру мүмкіндігіне ие. Шақыртуды көрген оператор нұсқаулықты сол сәтте-ақ шақыру мекеніне жақын болған бос жедел көлігіне жібереді. Сол аралықта GPS-геолокациялық қондырғы көмегімен жедел түрде әдеттегі мекенге еш кедергісіз жету мүмкіндігі бар.


Сондай-ақ, жедел жәрдем қызметінің мүмкіндіктерін арттыру, аурулар мен қызметкер арасындағы туындайтын түрлі көңілсіз жайыттардың алдын алу мақсатында жедел жәрем қызметкерлерін «боди камералар» мен жұмысы сынақ ретінде өз жұмысын бастады.
