Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Ташкент-2023» II халықаралық мүсін симпозиумы аяқталды
09:22 / 2023-10-04

«Ташкент-2023» II халықаралық мүсін симпозиумы өз жұмысын аяқтады.

«Адам және табиғат, климаттың өзгеруі, жасыл кеңістіктерді сақтау, Аралды қалпына келтіру» тақырыбындағы симпозиум Өзбекстан Республикасы Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы министрлігі, Өзбекстан Көркемсурет академиясының Суретшілер одағы бірлесіп ұйымдастырылды. 

[gallery-13853]

Биылғы симпозиумға Ұлыбритания, Италия, Испания, Аргентина, Үндістан, Түркия, Иран, Ресей, Грузия және Беларусь елдерінен 10 шетелдік және 11 өзбекстандық мүсінші қатысты.

Олардың жасаған мүсіндері қаланың саябақтарында, демалыс орындарында, ойын-сауық және туристік орталықтарында орнатылады.

Симпозиум соңында білікті мүсіншілер ұйымдастырушылар тарапынан марапатталды.

суреттерді түсірген Муродхон ХЎЖАЕВ, ӨзА