Британдық жетекші The Telegraph газетінің сайтында журналист Эмма Физерстоунның «2022 жылы қалалық демалыс үшін ең арзан қалалар» атты мақаласы жарияланды.
Dunyo агенттігінің хабарлауынша, мақалада автор британдық Economist Intelligence Unit аналитикалық ресурсының әлемдегі ең қымбат және ең арзан қалалар бойынша жүргізген зерттеуіне сүйене отырып, 2022 жылы ең аз шығынмен керемет демалыс мекендері туралы өз пікірін келтірген.

Авторлар тізімінде бірінші орында Ташкент қаласы тұр. Эмма Физерстоун саяхатшыларды «екі мың жылдық тарихы бар Орталық Азияның орталығына Өзбекстанда ауа райы ең қолайлы көктемде немесе күзде» саяхаттауға шақырған.
Сондай-ақ, журналист британдық саяхатшыларға қолжетімді мүмкіндіктер жайлы, соның ішінде Лондон мен Ташкент арасындағы тікелей рейстер және британ азаматтары үшін 30 күнге дейін визасыз жүру «туристерді өзбек мәдени мұрасын көру үшін» саяхаттауға ынталандыруы мүмкін екенін атап өткен.