Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Танзила Норбаева Әзірбайжан Республикасының Президентімен кездесті
17:42 / 2023-05-17

2023 жыл 15 мамырда Өзбекстан Олий Мажлисі Сенатының төрайымы Танзила Норбоева Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті.

Президент Танзила Норбаева бастаған делегацияның Әзербайжанның белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Гейдар Әлиевтің туғанына 100 жыл толуына орай Ұлттық мәжілістің кезектен тыс отырысына қатысып тұрғаны, осы елдің ұлттық көшбасшысының рухына көрсетілген жоғары құрмет үшін ризашылығын білдірді.

Өзбекстан-Әзірбайжан қарым-қатынасының қазіргі жай-күйіне тоқталған Ильхам Әлиев олардың стратегиялық әріптестік деңгейіне дәйекті түрде көтеріліп келе жатқанын қуанышпен атап өтті. Мемлекет басшылары арасында өзара сенім мен бауырластық қарым-қатынас орнағаны, жоғары деңгейдегі сапарлармен алмасудың тиімді тетігі жасалғанын мәлімдеді.

«Өткен жылдың өзінде мен Өзбекстанға 3 рет бардым. Бұл біз үшін сіздің елден жақын дос жоқ екенін тағы бір дәлелі», - деді Ильхам Әлиев.

Өз кезегінде Танзила Норбава шынайы қабылдау үшін ризашылығын білдіріп, Мемлекет басшыларының күш-жігерімен Өзбекстан-Әзірбайжан қарым-қатынастары соңғы жылдары сапа жағынан мүлде жаңа деңгейге көтерілгенін, екіжақты қарым-қатынастардың оң серпіні дерлік барлық бағыттар мен деңгейде байқалатыны және екі бауырлас елдің халықаралық және аймақтық ұйымдар алаңында да бір-біріне қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ, Танзила Норбаева парламентаралық диалог екіжақты ынтымақтастықтың маңызды құрамдас бөлігіне айналғанын, Өзбекстан мен Әзірбайжан парламенттері халықтар арасындағы көп ғасырлық достықты одан әрі нығайту үшін бұдан былайда екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың барлық басым бағыттары бойынша өзара тиімді серіктестікті тереңдету үшін күш-жігер жұмсалатынын баса айтты.

Кездесу барысында Өзбекстан мен Әзірбайжан арасындағы бауырластық қарым-қатынастарды перспективалық жалғастырудың маңыздылығы атап өтіліп, екі ел жастарының басын біріктіруге қызмет ететін арнайы форум ұйымдастыру мәселесін қарастыру ұсынысы ортаға салынды.