Өзбекстан «Олий Мажлис» Сенатының Төрағасы Танзила Норбаева Қырғызстанға ресми сапары барысында 22 қыркүйек күні Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен кездесті.
Сенат баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен келешегін, оның ішінде парламентаралық және мемлекетаралық ынтымақтастықтың құқықтық негізін нығайтуды талқылады.
Қырғызстан Президенті екі ел арасындағы достық, тату көршілік пен стратегиялық серіктестік принциптеріне негізделген қарым-қатынастар жоғары деңгейге көтерілгенін атауп өтіп, Өзбекстандағы президенттік сайлаудың сәтті өтуіне тілектестік білдірді.
Сонымен қатар, Шавкат Мирзияевтің Орталық Азиядағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бастамаларын толық қолдайтынын жеткізді.
Келіссөздер барысында тараптар екі елдің аймақтары арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің, шекаралас аудандардың жергілікті муниципалды кеңестерінің тиімді парламентаралық ынтымақтастығын арттырудың және екі ел арасындағы тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстар мен диалог үшін барлық қажетті жағдайларды құрудың маңызды екенін айтты.