Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Танзила Нарбоева Вячеслав Володинмен кездесу өткізді
16:59 / 2022-11-29

Өзбекстан Олий Мажлисі Сенатының Төрайымы Танзила Нарбоева Ресей Федералдық Мәжілісі Мемлекеттік Думасының Төрағасы Вячеслав Володинмен кездесті.

Парламенттің жоғарғы палатасының хабарлауынша, кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастарын, атап айтқанда, сауда-экономикалық, инвестициялық, инновациялық, көлік-логистика, агроөнеркәсіп салаларындағы перспективалық жобаларды ілгерілету және мәдени-гуманитарлық алмасуларды кеңейту, парламентаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Сенат төрайымы Танзила Нарбоева соңғы жылдары екі елдің парламентаралық ынтымақтастығы саласындағы табыстар, соның ішінде осы жылдың қазан айында Самарқандта өткен ТМД Парламентаралық Ассамблеясының күзгі сессиясының қорытындысы және осы сессияның ТМД елдері парламенттері арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне бастама болғанына тоқталды.

Өз кезегінде Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володин екі ел басшылары деңгейінде қабылданған шешімдердің орындалуын парламенттердің мүмкіндіктері аясында қамтамасыз етудің маңыздылығын айтып, бүгінде Өзбекстанның Ресейдің маңызды экономикалық серіктесі екенін, елдер арасындағы тауар айналымының артып келе жатқанын, соның негізінде көлік, өнеркәсіп, туризм және басқа да салалардағы қарым-қатынастарды нығайту қажеттігін баса айтты.

Кездесу барысында халықаралық парламентаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығы сөз болып, халықаралық және өңірлік маңызы бар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды.