Танзила Нарбоева Нұрлан Нығматулинмен Санкт-Петербургте кездесті
Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Мәжіліс Сенатының төрайымы Танзила Нарбоева Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулинмен Санкт-Петербургтегі ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 50-ші жалпы отырысы аясында
кездесті.
Кездесуде Өзбекстан-Қазақстан парламентаралық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен одан әрі даму перспективалары талқыланып, екі ел арасындағы көші-қонның өзекті мәселелері жайлы сөз айтылды.
Тараптар екі елдің көшбасшылары арасындағы келісімдерді іске асыруға парламенттік қатысуды және қолдауды күшейту қажеттігін айтып, Қазақстан Парламент Мәжілісі спикері Нұрлан Нығматулин 4-5 қарашада Танзила Нарбоеваның Қазақстанға сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруын және толықтай қолдайтынын айтқан.
Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Мәжіліс Сенатының баспасөз қызметі хабары.