Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Танзила Нарбоева Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша аймақтық директорымен кездесті
18:24 / 2021-01-20

Өзбекстан Республикасы «Олий Мажлиси» Сенатының Төрайымы Танзила Норбаева Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Лилия Бурунчукпен және Ташкенттегі Дүниежүзілік банктің кеңсесінің басшысы М.Мантованеллимен кездесті.

Кездесуде Өзбекстан мен Дүниежүзілік банк арасындағы екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы және жаңа бағыттардағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері мен Үкіметтің 2021 жылға арналған экономикалық даму жоспарларын, оның ішінде жеке секторды дамыту және инвестиция тарту жоспарланған реформалардың келесі циклы талқыланды.

Сонымен қатар, Дүниежүзілік банк әзірлеп жатқан мемлекетпен серіктестік тұжырымдамасы шеңберінде қаржыландыруды қарастыру жоспарланған қысқа және орта мерзімді мемлекеттік инвестициялардың басымдықтарына баса назар аударылды.

Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Л.Бурунчуктің айтуынша, Өзбекстан көптеген салаларда өте жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Ол сондай-ақ Орталық Азия аймағында гендерлік теңдікті ілгерілету, оның ішінде кәсіпкерлікті қолдау, әйелдер мен жастардың жағдайын жақсарту, мәжбүрлі еңбек пен балалар еңбегін жою бойынша көшбасшы болып табылады. Бұдан бөлек, бүгінде Өзбекстан Президенті Ш.Мирзияевтің басшылығымен жүргізілген реформалар нәтижесінде адам құқықтары мен әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуде үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. 

Дүниежүзілік банктің Өзбекстандағы кеңсесінің жетекшісі Мантованеллидің айтуынша, парламенттің жоғарғы палатасы спикері мен Дүниежүзілік банк арасындағы келіссөздер нәтижесінде ауылдық жерлерде әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін қолдау мақсатында құны 2,7 миллион доллар болатын бастапқы жоба дайындалған. Атаулы жоба биыл Өзбекстанда жүзеге асырылады деп күтілуде.