Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Танзила Нарбоева Дариға Назарбаевамен кездесу өткізеді
10:00 / 2019-11-04

Ресми сапар аясында келіссөздер өткізу жоспарланған.


Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Мәжілісінің Сенат төрайымы Танзила Нарбоева 4-5 қараша күндері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенат төрайымы Дариға Назарбаеваның шақыруымен Қазақстанда ресми сапармен болады.

Сенат ақпарат қызметінің мәліметіне сай, сапар аясында Қазақстан Парламенті Сенат төрайымы Дариға Назарбаева мен және басқа да ресми тұлғалармен келіссөздер өткізу жоспарланған.

Кездесулер барысында парламентаралық қатынастардың, оның ішінде жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың уақтылы және толыққанды орындалуына парламенттік бақылауды, заң шығару қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ өңіраралық қатынастарды дамытудың практикалық аспектілерін талқылау жоспарланған.