Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Танзила Нарбоева БҰҰ өкілімен кездесті
14:46 / 2022-08-26

25 тамызда Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбоева Өзбекстанға сапармен келген БҰҰ-ның Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша дамуды үйлестіру бюросының аймақтық директоры Гви Йеоп Сон ханыммен кездесті.

Кездесуде тараптар Өзбекстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері мен перспективаларын талқылап, дамудың көптеген бағыттары бойынша, соның ішінде 2030жылға дейінгі БҰҰ жаһандық күн тәртібіндегі Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асырудағы конструктивті ынтымақтастықты жоғары бағалады.

Атап айтқанда, Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруда парламенттік бақылау тетігінің оң тәжірибесі қалыптасқаны, 16 бағыт бойынша халықаралық стандарттарды ескере отырып ұлттық заңнама мен ұйымдық-құқықтық базаны нығайту, институционалдық жүйені дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқаны айтылды.

Өз кезегінде Гви Йеоп Сон ханым жылы қабылдау үшін ризашылығын білдірді және Өзбекстанның Жаһандық күн тәртібіндегі Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудағы күш-жігерін қолдады.

Кездесу барысында қауіпсіздік, орнықты даму, адам құқықтарын қорғау мен ілгерілету, сондай-ақ бейбітшілікті нығайтудың жаһандық мәселелерін шешуге бағытталған ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөнінде пікір алмасылды, делінген Сенат хабарында.