Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаева Женевада Парламентаралық одақтың төрағасы Тулия Эксонмен кездесті.
Кездесу барысында Өзбекстан мен Парламентаралық одақ арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Өзбекстанның қысқа мерзім ішінде Парламентаралық одақтың ажырамас бөлігіне айналғаны атап өтілді. Бұхара қаласында Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі халықаралық парламенттік форумның және Ташкент қаласында Парламентаралық одақөа мүше елдер парламенттерінің жетекші әйелдерінің 14-ші саммитінің сәтті өтуі соның айқын мысалы ретінде ерекше аталды.

Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевтің бастамасымен келесі жылы Өзбекстанда Парламентаралық одақтың 150 жылдық мерейтойлық ассамблеясы өтеді.
Мұндай ауқымды парламенттік шараның Орталық Азия аймағында алғаш рет өткізілуі Өзбекстанның әлемдік қоғамдастық тарапынан әлемдік саясаттың орталықтарының бірі ретінде танылғанын растайды.
Кездесуде Өзбекстанда 150-ші ассамблеяны өткізуге қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды.
– Біз Өзбекстанның бұл ассамблеяны қабылдап отырғанына қуаныштымыз, өйткені мұндай құрметке сіздердің елдеріңіз лайық. Мен Ташкентте өтетін мерейтойлық шараны Парламентаралық одақ пен бүкіл әлемдік парламентаризм тарихындағы ұмытылмас оқиғаға айналдыру үшін бар күшімді салуға дайынмын, – деді Т.Эксон.
2025 жылы Ташкентте өтетін шара қорытындысы бойынша әлемдік парламенттік қозғалыстың орта және ұзақ мерзімді перспективадағы басымдықтарын айқындайтын тиісті құжат қабылдау жоспарланып отырғаны белгілі болды.