Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаева Оман Сұлтандығының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Вафа Джабр Насир әл-Бусаидиді қабылдады.
Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және парламентаралық байланыстарды дамыту және ілгерілету мәселелері қаралды.
Тараптар өзара тауар айналымының көрсеткіші екі елдің әлеуетін білдірмейтінін айтып, кәсіпкерлер арасында бірлескен бизнес жобаларды жандандыру қажеттігін алға тартты.
Ғылым, білім, мәдениет салаларындағы ынтымақтастық, елдердің туристік әлеуетін кеңінен пайдалану бойынша іс-жүзіндегі күш-жігерлерімен біріктіру жөнінде пікір алмасты.
Парламентаралық диалогты өзара сапарлар арқылы жандандыру, екі елдің заң шығарушы органдарының тиісті комитеттері арасында тәжірибе алмасу және тығыз қарым-қатынас орнату маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу соңында дипломат екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту үшін барлық мүмкіндіктер мен әлеуетті жұмсайтынын айтты.