Женевада Өзбекстан Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева Парламентаралық одаққа мүше елдердің парламенттері әйел спикерлерінің 15-саммиті аясында бірқатар шетел парламенттері басшыларымен және халықаралық ұйым өкілдерімен кездесті.
Сенаттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, форумда парламенттік ынтымақтастықты нығайту, әйелдер құқықтарын қорғау саласындағы реформалар, сондай-ақ Германия, Сингапур, Қазақстан және Венгрия сынды мемлекеттермен стратегиялық серіктестікті кеңейту мәселелері қаралған.
«Т.Нарбаева БҰҰ-Әйелдер ұйымының Женевадағы бөлім директоры София Каллторппен кездесу өткізіп, Өзбекстандағы әйелдер құқықтары мен гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, жұмыспен қамту және зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бойынша жүргізіліп жатқан реформаларды талқылады», делінген хабарламада.
Сондай-ақ Германия, Сингапур, Венгрия және Қазақстан парламенттері өкілдерімен өткен келіссөздерде саяси, экономикалық және гуманитарлық салаларда тәжірибе алмасу, бірлескен бастамаларды ілгерілету және парламенттік достық топтарының жұмысын жандандыру мәселелеріне назар аударылған.
Атап айтқанда, Германия мен Венгрия парламенттерінің өзара ресми сапарлары жоспарланып, Сингапурмен мемлекеттік басқаруды жетілдіру бағытында әріптестікті кеңейтуге уағдаластық жасалды.