Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Танзила Нарбаева Иран елшісімен екіжақты байланыстарды одан әрі нығайту мәселелерін талқылады
11:28 / 2024-04-05

ӨР Олий Мажлис Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаева мен Иран Ислам Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммедали Искандари кездесу өткізді.

Тараптар Өзбекстан мен Иран арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі жағдайын және олардың даму перспективаларын, атап айтқанда, саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты, сондай-ақ парламентаралық байланыстарды одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

2023 жылы екі елдің өзара сауда айналымының көлемі 503,4 миллион долларды құрады.

Өзара тауар айналымының көлемі екі елдің әлеуетіне мүлде сәйкес келмейтіні, бұл көрсеткішті бірнеше есе арттыру мүмкіндіктерін қарастыру қажет екені айтылды.

Көлік логистика, медицина және фармацевтика, техникалық инженерия, ғылым және технология салаларындағы ынтымақтастық үшін пайдаланылмай жатқан мүмкіндіктер бар екені және бұл бағыттағы жобалардың екі тарап үшін де бірдей тиімді екені сөз болды.

Парламентаралық байланыс елдер арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтудың практикалық тетігі екендігін негізге ала отырып, достық топтары мен комитеттері деңгейіндегі диалогтардың жүйелілігін қамтамасыз ету, өзара сапарларды жандандыру жөнінде пікір алмасылды. Жоғары деңгейдегі өзара келісімдерді жүзеге асыруды қамтамасыз етуде парламенттердің әлеуетін пайдаланудың маңыздылығы атап өтілді.

Халықаралық ұйымдар аясындағы сындарлы ынтымақтастықты дамытуға келісілді.

Достық және практикалық рухта өткен кездесу соңында елші алдағы жоспарлар мен жобаларды жүзеге асыру үшін бар білімі мен әлеуетін жұмсайтынын мәлімдеді, делінген хабарламада.