25 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ақтау қаласы маңында «Әзербайжан әуе жолдары» әуе компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.
Бұл қайғылы оқиға барша жұрттың жүрегін тебірентті.
Осы қасіретті жағдайда зардап шеккен Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей және Қазақстан азаматтарының отбасыларына, жақындарына Өзбекстан Республикасының Президенті, Парламенті және Үкіметі қайғырып, көңіл айтты.

Сонымен қатар, Сенат Төрайымы Т. Нарбаева Өзбекстан Республикасындағы Әзербайжан елшілігіне барып, елшімен кездесіп, бауырлас Әзербайжан халқына көңіл айтты.

Осы қайғылы оқиғаға байланысты Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева парламенттің жоғарғы палатасы атынан қайтыс болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі. Сондай-ақ, Әзербайжан Республикасы Миллий Мәжілісінің Төрайымы Сахиба Гафароваға хат жолдады.