English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Танзила Нарбаева БАӘ Федералдық ұлттық кеңесінің төрағасымен келіссөздер жүргізді
12:13 / 2023-12-06

ӨР Олий Мажлис Сенат Төрағасы Танзила Нарбаева БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі конференцияның парламенттік сессиясына қатысу үшін Дубай қаласына жасаған жұмыс сапары аясында БАӘ Федералдық Ұлттық кеңесінің төрағасы Сакр Гобашпен келіссөздер жүргізді.

Сенат мәліметінш, сұхбат барысында екі ел арасындағы қарым-қатынастардың кең ауқымына, соның ішінде саяси, сауда-экономикалық мәселелерге, климаттың өзгеруінің салдарын жоюға назар аударылды.

Кейінгі жылдары елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастық кеңейіп, өзара сауда көлемі тұрақты өсуде. Өзбекстанда жұмыс істейтін БАӘ инвестицияларының қатысуымен кәсіпорындар саны 5 жылда 2,5 есеге өсті.

«Жасыл» энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, туризм инфрақұрылымы сияқты салаларды қамтитын инвестициялық жобалар портфелі кеңейді.

«Парламентаралық ынтымақтастық елдер арасындағы барлық деңгейдегі қарым-қатынастарды дамытудың маңызды тетіктерінің бірі болып табылады. Осы тұрғыда Өзбекстан мен БАӘ парламенттері арасындағы қарым-қатынастардың жүйелілігін қамтамасыз ету, атап айтқанда, заң шығару және парламенттік бақылау салаларында ынтымақтастық орнату жөнінде пікір алмасылды», делінген хабарламада.

Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың негізінде қабылданған «Жол картасында» айқындалған міндеттердің орындалуына жүйелі парламенттік бақылау орнатып, «халық дипломатиясының» маңызды аспектісі саналатын «достық топтарының» қызметін жандандыру қажет екені айтылған.

Біріккен Ұлттар Ұйымы, Парламентаралық Одақ, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы және басқа да көпжақты құрылымдар аясында ынтымақтастықты жалғастыру келісілген.

Ведомство дерегінше, Сенат төрағасы БАӘ Федералдық ұлттық кеңесінің төрағасын 2024 жылы Өзбекстанға сапармен келуге шақырған.