French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Танзила Нарбаева Авазада өткен Әйел көшбасшылар форумына қатысты
12:03 / 2025-08-08

Форумда гендер тенгликни таъминлаш, аёлларнинг жамиятдаги ўрни ва ҳуқуқларини кенгайтириш масалалари муҳокама қилинди.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева бастаған парламенттік делегация БҰҰ-ның Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған үшінші конференциясы аясында Түркіменстанның Аваза қаласында өткен Әйел көшбасшылар форумына қатысты.

Форумда гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, әйелдердің қоғамдағы рөлі мен құқықтарын кеңейту мәселелері талқыланды.

Онда Өзбекстанда гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі реформалар ерекше атап өтілді. Конференция қатысушылары Өзбекстан тәжірибесін өзге елдердің парламенттері үшін озық үлгі ретінде бағалады.

Атап өтілгендей, елімізде гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан шаралар 2030 жылға дейінгі Ұлттық стратегияға негізделген және бұл тәсіл БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына толық сай келеді.

Іс-шара барысында отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әлеуметтік қорғауға мұқтаж әйелдерді қолдау бойынша қабылданған заңнамалық құжаттар мен алға қойылған бастамалар да жоғары бағаланды.

Сенат Төрайымы форумда сөйлеген сөзінде Орталық Азия елдерінің әйел көшбасшылары арасындағы диалогты күшейту және практикалық ынтымақтастықты одан әрі тиімді жүргізу бойынша бірқатар ұсыныс айтты.

Атап айтқанда, әйелдердің әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірдегі белсенділігін арттыру, озық тәжірибе алмасуды жолға қою, шешім қабылдау процесіне қатысуын кеңейту, сондай-ақ кәсіпкер әйелдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, Аваза іс-қимыл бағдарламасын өңірлік деңгейде жүзеге асыру бойынша нақты ұсыныстар да айтылды.