Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Тамды ауданында қуаты 500 мегаватт жел электр станциясы салынуда
15:40 / 2022-11-11

Қазіргі таңда республиканың Бұхара облысында 2, Науаи облысында 1 және Қарақалпақстанда 1 жел электр станциясының құрылысы жалғасуда.

Солардың бірі – Науаи облысының Тамды ауданындағы 500 мегаватт жел электр станциясы. Оны Біріккен Араб Әмірліктерінің «Masdar» компаниясы салуда.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы шешімі негізінде жүзеге асырылып жатқан бұл ірі жобаның жалпы құны 600 миллион долларды құрайды. 100 пайыз шетелдік инвестициямен салынып жатқан бұл стансаның құрылысы кезінде 800-ге дейін жаңа жұмыс орны ашылса, пайдалануға берілгеннен кейін 30 жаңа жұмыс орны пайда болады.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, станцияны 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған болып, ол жылына 1 миллиард 800 миллион киловатт сағат электр энергиясы өндіреді. Нәтижесінде жылына 540 миллион текше метр табиғи газ үнемделіп, 720 мың тонна зиянды газдың атмосфераға шығуына жол берілмейді.