Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Талибан Панджшерді толық басып алғанын жариялады
12:29 / 2021-09-06

«Талибан» қозғалысының өкілі Забиулла Муджахид Ауғанстанда қарсылық көрсеткен соңғы Панджшер провинциясы Талибанның толық бақылауына өткенін айтты.

РИА Новости-дің  хабарлауынша, 6 қыркүйекте бұл туралы Забиулла Муджахид твиттерде жариялады.

«Дұшпанның жалдамалы әскерінің соңғы бекінісі- Панджшер провинциясы толығымен басып алынды ... Елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша соңғы күш-жігер де нәтиже берді, Панджшер провинциясы Ислам Әмірлігінің толық бақылауына өтті. Талибан саяси жүйесінің атауы - ред.)», - деген ол жазбасында.

Оның айтуынша, көтерілісшілердің кейбірі ұрыста жеңіліс тапса, кейбірі қашып кеткен. Талибандар Панджшер тұрғындарына зұлымдық жасамауға уәде берді.

Ауғанстандық Asvaka агенттігінің дерегінше, Талибан әлдеқашан өз туын Панжшер губернаторлығы ғимараты үстінде іліп қойған.